Халықтың ақшалай табысы бір жылда 18 пайызға өсті. Инфляция 20 пайыз болды. Ал 2022 жылдың төртінші тоқсанында қазақстандықтардың табысы жан басына шаққанда 252,4 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7% артық. Ол кезеңде жылдық инфляция деңгейі 19,6%-ға жетті, деп хабарлайды Turkistan Today.
2021 жылдың төртінші тоқсанында халықтың табысы орташа есеппен жан басына шаққанда 214,5 мың теңгені құрады, көрсеткіш бір жылда 10,6% көбейген.
Бұл Ranking мониторинг порталының деректері. Шын мәнінде қалай?
Цифрлар басқаны көрсетсе, елдегі қымбатшылық халықты қинай түскендігі айқын. Оған азық-түліктердің, жанармайдың, жалпы тұрмысқа қажеттінің бәрінің қымбаттағаны мысал.
Өңірлер бойынша ең көп табыс елордада тіркеліпті. Жан басына шаққанда 357,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 16,2% артық.
Екінші орында Қарағанды облысы болды: 354,9 мың теңге, 23,1% көбейген. Үздік үштікті Ұлытау облысы жапты: 339,1 мың теңге. Алғашқы бестікке Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстары да кірді.
Ең төменгі табыс Түркістан облысының тұрғындарында болып. Жан басына шаққанда небәрі 163,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыдан 23,7% көп және республикалық орташа көрсеткіштен бірден 35,3% төмен.
Халық табысының басым бөлігін еңбек қызметінен алған табыстары құрайды: олар жалдамалы жұмыстан, өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс.
Әлеуметтік аударымдардан түскен табыс бір жылда 3,6% өскен. 56,1 мың теңгені құрады. Оның ішінде зейнетақы — 45,7 мың теңге, жәрдемақы — 8,9 мың теңге, стипендия — 1,3 мың теңге, АӘК және тұрғын үй көмегі — 149 теңгені құрады.
Туыстары мен жақындарынан түскен материалдық көмектен, сондай-ақ алименттен түскен табыс бір жылда 23,4% өсіп, 6,1 мың теңгені құрады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.