Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті, деп хабарлайды Turkistan Today.
Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлық және бітімгерлік қызмет саласындағы әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Одан бөлек әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл да айтылды. Сөз арасында өткен жылдың мамыр айында Қазақстан мен Түркия мемлекеттері басшыларының кездесуі шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде жоспарлы түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов дипломатқа «Мехтеран» түрік әскери оркестрінің «Астана – мәдениет керуені» I Халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ол бейбітшілік, ынтымақтастық және тату көршілік идеяларын ілгерілетудегі мәдениеттің маңызды екенін атап өтті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.