Қазақстан ұлттық құрама командасы EuroSkills чемпионатына қатысу тарихында үздік нәтиже көрсетіп, екі медальды қоржынымызға салды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Жарысқа әлемнің 32 елінен 25 жасқа дейінгі 600 мықты жас мамандар қатысты.
EuroSkills Gdańsk 2023 сегізінші еуропалық чемпионатының үш конкурстық күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері бір күміс және бір қола медальға иеленді.
Руслан Юсупов "Веб технологиясы" құзіреттілігі бойынша күміс медаль иеленсе, Андрей Степанюк пен Станислав Горицин «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» командалық құзыреттілігі қола медальмен қоржынымызды толықтырды.
Сонымен қатар, Алуа Жарасбаева (Графикалық дизайн), Ерасыл Бахытжан (инженерлік графика CAD ), Виталий Кайл (плиткамен қаптау), Ернияз Курманбеков және Ансар Оразгалиев (мехатроника) "Үздік медальонын" алды.
Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл Еуропа чемпионатындағы үшінші медаль. 2021 жылы Павлодар колледжінің түлегі Дина Афанасьева "Веб-әзірлеу" құзіреттілігі бойынша үшінші орынға ие болды.
Биыл жарыс Польшаның Гданьск қаласында 5-9 қыркүйек аралығында өтті. Ұлттық құраманың құрамына 28 қатысушы және 25 халықаралық сарапшы кірді. Қазақстандықтар 25 құзыреттілік бойынша сынға түсті.
EuroSkills чемпионаты - бұл Еуропадағы кәсіптік білім беру және біліктілікті арттыру бағытындағы маңызды іс-шара. 25 жасқа дейінгі жас мамандарға арналған ең ірі халықаралық кәсіби шеберлік жарыстары WorldSkills Europe қатысушы елдерінің бірінде екі жылда бір рет өткізіледі.
«Talap» КеАҚ баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.