Қазақстан мен Тәжікстан: этномәдени байланыстарды нығайтудағы достар мен серіктестер

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 17 қыркүйек, 2023

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов пен ҚХА төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың қатысуымен Тәжіктердің республикалық этномәдени орталық өкілдерімен кездесу өтті, деп Turkistan Today хабарлайды DKNews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында орталықтың арнайы кабинеті ашылып, жаңадан төрағасы Махмадуллоев Додар Хикматович сайланды.

Кездесуде Марат Алмасұлы Әзілханов орталықтың жаңадан ашылған кабинеті мен сайланған төрағаны құттықтай отырып, өңірлік тәжік этномәдени бірлестігінің мүшелеріне қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда тиімді қызмет етуді және филиал жұмысына сәттілік тіледі.

Одан әрі Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаилов өңірлік тәжік этномәдение бірлестігінің қызметі жайында тоқталып өтті.

Төраға орынбасарының айтуынша алғаш рет өзі бастап «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» Астана қаласында 2022 жылдың қыркүйек айында ашып, өз жұмысын бастап кеткен. Бұдан басқа орталықтың өңірлерде 11 филиалы жұмыс жасауда.

Орталықтың жұмысы әсіресе кейінгі буын үшін өте маңызды. Енді жастар туған тілін, төл салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жіті меңгеріп, жаңғыртылып ғана қоймай, қазақ тіліне деген құрметі ретінде өз үлестерін әртүрлі сала бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде қызмет жасауда. Қазақ даласынан нәр алып, осы топырақта туылғаннан кейін барлығымыз ана тіліміз – қазақ тілі болуы қажет. Анамызды қалай құрметтесек, тілге де дәл солай жанашыр болайық. Біздің орталық осыған үлгі болса.

«Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Мен сөзді барлық жерде айтамын және айта да беремін. Осыны ұмытпауымыз керек. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады»Акбаржон Исмаилов

Кездесу барысында қатысушылар арасында қазақстандық қоғамда тұрақтылықты сақтауға қызмет жасап жүрген азаматтарымызға құрмет ретінде «Алғыс» төсбелгісімен марапатталды.

645

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.