"Қазақстан" шахтасындағы өрт: тағы бір қызметкер өлі табылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 18 тамыз, 2023

"Қазақстан" шахтасындағы өрттен кейін тағы бір қызметкер өлі табылды, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сағат 8: 15-те тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір оны беру бойынша іс - шаралар басталды", - деді "Арселор-Миттал Теміртау" тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.

Еске салайық, бұған дейін АрселорМиттал Теміртау Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан екі қызметкер өлі табылғаны хабарланған болатын. Бірақ кейінірек тек бір адамның өлімі расталғаны айтылды. Ол - компания қызметкері, 1965 жылы туған Виталий Владимирович Слюньков (жерасты электршебері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл).

Апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адамды жер бетіне жедел көтеріп, қалған төрт кеншіні іздестіру жалғасып жатыр.

"Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетеміз", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Компания апаттың себептерін толық тергеу үшін мемлекеттік органдармен бірігіп қызмет етіп жатқанын атап өтті.

797

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.