Кәмелетке толмағандарға қатысты тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер. Қаңтар 2023
Биыл қаңтар айында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 227 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 32% көп, деп Turkistan Today хабарлайды, ranking.kz дереккөзіне сүйене отырып.
Анықтама үшін: 2022 жылдың осы кезеңінде саладағы құқық бұзушылықтар саны жылына 32,8% азайып, 172 болған.
Өңірлер бойынгша мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы облысында жасалған: бір жыл бұрын 18 іс болса, енді 25.
Одан кейін Алматы қаласы (23 іс, 2022 жылы 8) және Түркістан облысы (19 іс, бір жыл бұрын 20). Атырау мен Жамбыл облыстары да қалыспайды: әрқайсында 17 істен.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау және Абай облыстарында тіркелген: сәйкесінше 3 және 4 іс.
Көбіне кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жеке адамға қарсы жасалған: 137 іс — 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,1% көп. Сондай-ақ секторда меншікке қарсы 33 құқық бұзушылық, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 17 құқық бұзушылық, көлікте 17 құқық бұзушылық және отбасына қарсы 12 құқық бұзушылық жасалған.
Баптар бойынша статистика қорқынышты көрінеді: мысалы, «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттер» бабы бойынша бір жыл бұрын 25 іс болса, қазір 45 іс. «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» — 24 іс, бір жыл бұрын 22 іс, «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша әрқайсысы 20 іс.
Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин Қазақстан атынан Бала құқықтары туралы конвенцияға коммуникация тәртібіне қатысты 3-факультативтік хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Енді қазақстандықтар балалар құқығының бұзылғаны туралы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіре алады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.