Қазақстанда көліктерді жалған құжат бойынша тіркеген қылмыстық топтар ұсталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 19 маусым, 2023

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу және оларды ұстау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, Ақмола облысында тіркеуге заңсыз қойылған жүк автокөліктері анықталды. Былтыр ақпаннан биыл сәуірге дейін қылмыстық топ алғашқы мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, 62 жүк автомашинасын қазақстандық есепке қойған. Әрбір жүк автомашинасын алғашқы мемлекеттік тіркегені үшін ресми төлем шамамен 7-8 миллион теңге болуы тиіс еді. Алдын ала деректер бойынша мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңге болады.

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері тағы бір қылмыстық топты анықтады. Күдіктілер Қазақстанға Оңтүстік Кореядан жеткізілген жеңіл автокөліктерді заңсыз тіркеген.

Сондай-ақ, жалған құжаттар бойынша тіркелген 250 автокөлік анықталды, олар бойынша мемлекетке келтірілген шығын 340 миллион теңгеден астам. Бұл жағдайда қылмыстық топ көлік құралдарына жалған құжаттар жасаған, олар шығарылған жылын 2018-2020 жылдар деп өзгерткен, алғашқы мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген соманы төлемеген.

Астана қаласында қылмыстық топ автокөліктерді автобөлшектер түрінде жеткізуді ұйымдастырған және олардың шанақтарын ауыстыру туралы жалған құжаттар арқылы қазақстандық есепке қойған.

"Күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Сонымен қатар олардан заттай дәлелдемелер мен жалған құжаттар тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.