Жалпы инфляция аясында сектордағы баға өзгеріссіз қалды деуге болады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Қазақстанда пластиктен жасалған есік-терезе, сондай-ақ табалдырық, жақтау, жапқыш, ұқсас бұйым және олардың пластмасса бөлшектері өндірісі өсті. Мәселен, қаңтар–наурызда сектордағы өнім былтырғымен салыстырғанда 5,5% өсіп, 10,2 мың тоннаны құрады — бұл рекордтық көрсеткіш.
Бұл ретте 2023 жылдың қаңтар–наурыз айларында ағаш терезе мен есік, сондай-ақ олардың жақтауы мен табалдығы өндірісі керісінше бірден 39% қысқарып, 247,3 мың шаршы метрді құрады. Бұл соңғы 5 жылдағы қаңтар–наурыз айларындағы ең төменгі көрсеткіш.
Ағаш және пластик терезе мен есік бағасы былтырғымен салыстырғанда өзгеріссіз қалды деуге болады.
2023 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша, ағаш терезе мен есік және олардың бөлшектері былтырғымен салыстырғанда 0,4% ғана қымбаттады. Өңірлер бойынша бағаның айтарлықтай өсуі Қостанай және Павлодар облыстарында болды: тиісінше 8,2% және 2,2%. Бұл ретте төрт өңірде — Абай, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте баға 0,5% арзандады.
Пластикалық терезе мен есік, сондай-ақ осыған ұқсас өнімдер бір жылда 1,5% арзандады. Олардың бағасы өскен жалғыз аймақ — Батыс Қазақстан облысы: 0,3%.
Салыстыру үшін: былтыр наурыз айының қорытындысы бойынша, ағаш терезе мен есік бір жылда бірден 6,9% қымбаттады. Бұл ретте пластикалық терезе мен есік бағасы 2,2% арзандады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.