Қазақ жігіт Камерунда өткен кино конкурста 1 орын алыпты

Қазақ жігіт Камерунда өткен кино конкурста 1 орын алыпты

Камерун астанасы Яунде қаласында өткен«YARHA Festival» халықаралық кинофестивалінде «Ақ боз үй» фильміндегі Пахраддин образы үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов «Үздік ер адам бейнесі» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Фильм Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург С.Елубайдың «Ақ боз үй» романының желісі бойынша түсірілген. Кинокартина өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақ ауылының тұрғындарының басына түскен сынақтар туралы өмірде болған оқиғаны баяндайды.Режиссер Б.Елубайдың фильмі бір отбасының тарихына тоқталып, Қ.Кемалов би Пахраддиннің рөлін сомдады.

Туынды жергілікті көрерменнің оң пікірін алып, олар отандық кино актерлерінің ойынын жоғары бағалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТүркияныңБурса қаласында өткен «KORKUT ATA» түркі әлемі фильм фестивалінде де актер Қ.Кемалов Пахраддин образы үшін «Үздік ер адам бейнесі» аталымы бойынша үздік деп танылған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
4
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0