9 қыркүйекте Катарда Huawei Seeds for the Future 2023 бағдарламасының қорытынды рәсімі өтті, онда бағдарламаның бірінші кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, олардың қатарында Қазақстан студенттері де бар. Seeds for the Future – Huawei компаниясының білім алмасуға, АКТ секторы туралы хабардарлықты арттыруға және АКТ саласындағы жас таланттар үшін цифрлық қауымдастықты қалыптастыруға бағытталған флагмандық жаһандық білім беру бағдарламасы.
Таяу Шығыс пен Орталық Азияның 15 елінің элиталық университеттерінен келген 175 студент Дохадағы Seeds for the Future бағдарламасының бірінші кезеңіне қатысты. Олардың қатарына Катар, Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ, Бахрейн, Қазақстан, Пәкістан, Оман, Өзбекстан, Иордания, Ливан, Ирак, Әзірбайжан, Моңғолия және Қырғызстан кірді.
Қазақстанның атынан еліміздің жетекші университеттерінің 14 студентінен құралған екі команда қатысты. Бірінші топтың құрамына АЭжБУ-дан Кемаль Сейдуалиев пен Алтынай Муратхан, ҚБТУ-дан Артур Кривцов, Анеля Рымбаева және Анар Бисенова, SDU-дан Гульназик Кубашева мен Аляра Абильбашар кірді. Жобаның үздік жеті қатысушы қатарына енген екінші командадан NU-дан Айжулдыз Надирханова, Ерасыл Кадыржанов және Даниил Орел, SDU-дан Бекзада Уштай және Арина Усубалиева, сондай-ақ ҚазҰУ-дан Аружан Базарбаева мен Мидина Ахметова қатысты.
Seeds for the Future бағдарламасы барысында жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және оларды оң өзгерістерді ынталандыруға тартуға бағытталған Tech4Good өңірлік байқауының бірінші кезеңі қатар өткізілді. Жобаларды ұсыну қорытындысы бойынша 40 адамнан тұратын жеті үздік команда 2023 жылғы 10-16 қыркүйек аралығында БАӘ-нің Дубай қаласында өткен Tech4Good бағдарламасының екінші кезеңіне іріктелді. Бұл командалар Катар, БАӘ, Иордания, Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия және Әзірбайжан атынан қатысты.
«Катар Seeds for the Future бағдарламасы мен Tech4Good байқауының Таяу Шығыс және Орталық Азия кезеңдерінің бірінші кезеңін жоғары деңгейде өткізді және біз демеушімізге, Катардың байланыс реттеушісі органына (CRA), біздің қымбатты серіктестерімізге – Катардың Білім және жоғары білім министрлігіне, Qatar Tourism, Qatar Foundation, Vodafone, Aspire Zone және бұл шараны ұйымдастырған барлық серіктестерге алғыс білдіреміз. Біз бұл іс-шара АКТ саласындағы таланттарды тәрбиелеуде және цифрлық инновацияларды ілгерілету және Таяу Шығыс пен Орталық Азия өңірінің тұрақты болашағын қалыптастыру үшін жастардың мүмкіндіктерін пайдалануда елеулі оқиға болғанына сенімдіміз», - деп атап өтті Huawei Technologies LLC бас директоры Алекс Чжан.
Доха Ғылым және технологиялар университетінің президенті және Катардың Білім және жоғары білім министрлігінің өкілі Доктор Салем Аль-Наэми: «Білім берудегі АКТ және цифрлық дағдыларды қолдана отырып оқытуды дамыту Катардың стратегиялық жоспарлауының ажырамас бөлігіне айналды. Цифрлық трансформация дәуірінде біз мансаптық өсу үшін барлық қажетті дағдылар мен білімге ие жас таланттарды тәрбиелеуге тырысудамыз. Huawei компаниясының Seeds for the Future бағдарламасы барлық болашақ АКТ мамандарын оқытуға арналған ең жақсы платформалардың бірін ұсынады және қатысушылар арасында халықаралық білім беруге ықпал етеді».
Huawei Technologies Kazakhstan Таланттар экожүйесін дамыту жөніндегі менеджері Жазира Камашбек: «Huawei компаниясында біз әлемді біріктіріп, оны неғұрлым қолжетімді әрі мінсіз ете алатын технологиялардың күшіне сенеміз. Біздің компания өмір сапасын жақсартатын және адамдарға армандарын жүзеге асыруға көмектесетін инновациялық өнімдер мен шешімдерді жасау жолында қызмет етеді. Студенттер – біздің әлемнің болашағы және біз әрқашан жас таланттарды білімге және кәсіби өсуге ұмтылуда қолдауға дайынбыз. Бұл іс-шара басқа қазақстандық студенттерді АКТ саласын зерттеуге және еліміздің дамуына өз үлесін қосуға шабыттандырады деп сенемін», - деді.
Катарда өткен Seeds for the Future бағдарламасы барысында студенттер сегіз күндік қарқынды тренингтер мен семинарларға қатысты, олар озық АКТ технологияларын, ғылыми және технологиялық көшбасшылықты, жаһандық тақырыптар бойынша пікірталастарды, Тech4Good топтық жобаларын және т. б. қамтыды. Оқыту және өзара білім алмасу арқылы қатысушылар 5G, жасанды интеллект (ЖИ) және бұлттық технологиялар туралы жақсырақ түсінікке ие болды, болашақта өсіп-дамуына көбірек мүмкіндіктер жасады және еңбек нарығында өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Студенттер сонымен қатар CRA-дағы Ұлттық спектрді бақылау орталығына, Mada зертханасына, Education City білім беру орталығына, Lusail стадионына барып, Доха бойынша экскурсия жасады.
Huawei компаниясының Seeds for the Future бағдарламасы – бұл компанияның әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік жобаларына қатысты және бүкіл әлем бойынша АКТ таланттарын дамытуға бағытталған флагмандық білім беру бағдарламасы. Инновациялар мен технологиялық жетістіктерге көбірек көңіл бөле отырып, бұл байқау жас дарындарға идеялармен алмасуға, халықаралық әріптестермен байланыс орнатуға және олардың цифрлық қоғамдастыққа қатысуына ықпал ететін АКТ секторы туралы құнды білім алуға мүмкіндік беретін бірегей платформаны ұсынады. 2008 жылы іске қосылғаннан бері оған әлемнің 139 елінен 15000-нан астам студент қатысты. Бағдарламаны 450-ден астам жоғары лауазымды тұлғалар мен мемлекет басшылары мақұлдады.
Huawei компаниясы туралы
1987 жылы негізі қаланған Huawei компаниясы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) инфрақұрылымы мен ақылды құрылғылардың әлемдегі жетекші жеткізушісі болып табылады. Компанияда 207 000 қызметкер жұмыс істейді, 170-тен астам елдер мен аймақтарда өз қызметін жүзеге асыра отырып, бүкіл әлем бойынша үш миллиардтан астам адамға қызмет көрсетеді.
Біздің миссиямыз – толық қосылған және ақылды әлем құру үшін әр адамның, үйдің және ұйымның өміріне цифрлық технологияны енгізу. Ол үшін біз ақылды әлемнің негізін қалау арқылы барлық жерде қосылуға және желіге жалпыға бірдей қол жеткізуге тырысамыз; бұлтты және ақылды технологиялар жердің барлық төрт бұрышында қол жетімді болу үшін әртараптандырылған өңдеу қуатын қажет жерде қажет кезде қамтамасыз ету; барлық салалар мен ұйымдарға икемді, тиімді және серпінді болуға көмектесу үшін сандық платформалар құру; үйде, жолда, кеңседе, демалыста немесе жұмыста болсын, адамдардың өмірінің барлық аспектілерінде жасанды интеллект арқылы пайдаланушылардың тәжірибесін қайта қарастыру.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.