Қазақстандық жанармай құю бекеттерінде газ баллондарын толтыруға тыйым салынады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 23 маусым, 2023

Енді жанармай құю бекеттерінде баллондарға газ құйылмайды. Ал сұйытылған көгілдір отынды сату бағасы қатаң бақылауға алынады. Осындай нормаларды белгілейтін заң жобасы Сенатта мақұлданып, Президентке қол қоюға жіберілді, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Парламенттегілер былтырғы қаңтар оқиғасы газ саласындағы заңнаманы өзгертуге бастау болғанын айтады. Енді көгілдір отынның қымбаттауы күрт тыйылады. Сонымен қатар, белгілі бір бағамен сатып алынған сұйытылған газдың әр партиясын ресми үстеме бағадан артық бағада сатуға болмайды. Ал тұрмыстық баллондарды қауіпсіздік мақсатында арнайы бөлінген орындарда ғана толтыруға болады.

"Жанармай құю бекеттерінде газ баллонын толтыру мүмкін болмайды. Бұл баллондарды тек газ толтыру бекеттерінде толтыру керек. Арнайы қондырғылар бар, газ баллондарының қысымы тексерілетін арнайы эстакадалар бар. Пайдаланудан шығарылғанына қарамастан, олардың жеке нөмірлері болуы керек", - деп түсіндірді энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.