Қазақстандықтар Абай облысындағы өртте көз жұмған Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасына 22 сағатта 26 миллион теңге жинады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 15 маусым, 2023

Қазақстандықтар алапат өрт кезінде көз жұмған Новошульбі филиалы Успен орман шаруашылығының басшысы Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасына 26 миллион теңге жинап берді. Бұл туралы Turkistan Today Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қоғам белсендісі Гүлмира Әбдірашева ақша жинаудың аяқталғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазақстандықтар 22 сағатта 26 миллион теңгеден астам қаржы жиналған. 

«Бұл қаражат Мейрамгүл Жиенбаеваның балаларына Астана қаласынан пәтер алып беруге жұмсалады», — деп жазды журналист Михаил Козачков. 

Мейрамгүл Жиенбаеваның артында 15 жастағы ұлы мен 5 жасар қызы қалды. Құрбысы Шолпан Кенжебаеваның айтуынша, марқұм үшінші баласына жүкті болған. 

1.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.