Қазақстандықтар құмар ойындарға 100 млрд теңге жұмсаған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 16 қыркүйек, 2023

Жыл басынан бері қазақстандықтар құмар ойынға 100 млрд теңге жұмсаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев айтты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

AMANAT партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңес отырысында «Заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы» талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, елімізде өзінің лудомания дертіне шалдыққанын мойындайтын, емге мұқтаж екенін айтатын 36 мың адам тіркелген. Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2019 жылға қарағанда өткен жылы құмар ойындар мен бәс тігу деңгейі 40 есе артқан, - деді Нартай Сәрсенғалиев.

Ол 2023 жылдың алғашқы тоқсанында қазақстандықтар 100 млрд теңгесін құмар ойындарға жұмсағанын атап өтті.

Мысал ретінде, бұл қаржыны басқа салалармен салыстырып көрсек, кітапханалар мен мұражайлардың шығынынан 70 есе, шығармашылық пен өнер салаларынан 50 есе, ІТ қызметкеріне қарағанда 5 есе, жылжымайтын мүлік операцияларына қарағанда 2 есе көп, - деді мәжілісмен.

707

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.