Қазақстанның қай қалаларында метеожағдай қолайсыз болады?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 11 шілде, 2023

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы жағдайы сақталады, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауа райы болжамы бойынша 11 шілдеде Астана, Алматы және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа ластанады деп күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеожағдайлар дегеніміз - қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың болуы. Яғни, тымық күн, әлсіз жел, тұман, атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін инверсия. ҚМЖ пайда болған жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау - жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы.

843

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.