Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешені Келес ауданында салынуда. Ақтөбе ауылдық округінде жалпы аумағы 500 гектарды құрайтын жылыжайлар жобасы ресейлік «ЭКО-культура» компаниясының қолдауымен жүзеге асады,- деп хабарлайды turkistan.today
Кешен екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңінің құрылысы 2025 жылдың ІІ тоқсанында аяқталса, екінші кезеңінің құрылысы 2025 жылдың ІІІ тоқсанында тапсырылмақ. Жылыжай кешені толық іске қосылған соң 700-ден астам өңір тұрғыны жұмыспен қамтылады. Бұл жайында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Жалпы 2025 жылы құны 62 млрд 75 млн теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаны іске асырып, 1 740 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Ал, биыл 10 ай көлемінде жалпы құны 3,8 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске қосылып, жаңа 235 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына жаңа технологияларды енгізу және ағын суды үнемдеу мақсатында 1 300 гектар жерге жаңбырлатып суғару әдісі енгізілді. 2024 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 61,7 млрд теңгеге жетті. Аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі жыл басынан бері 61,7 млрд теңгені құраған. Ал, өнеркәсіп өнім көлемі 4,3 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59,3%-ға өскен. Сондай-ақ, ауданға биыл жыл басынан бері 24,3 млрд. теңге инвестиция тартылған»- деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, Жәнібек Есенұлы аудандағы инфрақұрылым саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғады. Нақтырақ айтар болсақ, өңірдегі 83 елді мекеннің 59-ы табиғи газға қосылған. Бұл тізім 2025 жылы тағы 4 елді мекенмен толықпақ. Сондай-ақ, өңірдегі 64 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін Құйған, Қияжол және Бірлік елді мекендерін де осы қатарға қосу көзделіп отыр. Ал, ауыз сумен қамту көрсеткіші 71,1%-ға жеткен.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.