«Келешек мектептері» жобасы: Абай облысында жаңа білім ошағы таныстырылды

Жаңалықтар 14 тамыз, 2025

Семей қаласының Водный кентінде 600 орынға арналған жаңа мектепте ашық есік күні өтті. Шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан заманауи білім мекемесінің мүмкіндіктерін жұртшылыққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Үш қабатты жаңа үлгідегі №52 мектеп 2025–2026 оқу жылында оқушыларды қабылдайды. Бұл – аталған жоба бойынша Абай облысында ашылатын үшінші, ал Семейде бой көтерген екінші мектеп. Бұған дейін Қарағайлы шағынауданында 1200 орындық, ал Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілген болатын.

Ашық есік күніне 100-ден астам ата-ана мен 60-қа жуық оқушы, ұстаздар, БАҚ өкілдері, блогерлер, сондай-ақ облыстық және қалалық білім басқармасының мамандары қатысты. Қонақтар спорт және акт залдарын, асхананы, хореография бөлмесін, бастауыш және арнайы пән кабинеттерін, STEM-зертханаларды, робототехника кабинетін, коворкинг аймақтарын, кітапхана мен оқу залын көрді. Мектеп ауласында футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, сондай-ақ жүгіру жолдары салынған.

– Бастауыш және орта буын сыныптары бөлек блоктарда орналасып, бастауыш оқушыларына қауіпсіз әрі жайлы орта қамтамасыз етілген. Әр кабинет интерактивті тақта мен жаңа компьютерлермен жабдықталған. Робототехника, 3D модельдеу және мультимедиалық үйірмелер балалардың цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді №52 жалпы орта білім беретін мектеп директорының міндетін атқарушы Тілек Сапышев.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.