Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігін айтты. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today
Осы ретте Түркістан облысына қарасты, Кентау қаласындағы ауыл округ көшелеріне асфальт төселіп жатыр. Мәселен, Байылдыр ауылындағы 2,3 шақырымды құрайтын айналма жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов құрылыс барысын бақылап, мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында қалаға қарасты Қарнақ және Байылдыр ауылдарында 14,3 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, 2,27 шақырымды құрайтын 4 көшеге аяқ жол салу көзделген. Бүгінде Қарнақ ауылындағы 10,2 шақырымды құрайтын 11 көшеге және Құсшы ата елді мекеніндегі 3,6 шақырымды құрайтын 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан өзге, Байылдыр ауылындағы 1,6 шақырымды құрайтын 2 көшеге асфальт жабындысы төселген. Қалған 0,7 шақырымды құрайтын 2 көшенің аяқ жолдары және 0,8 шақырымды құрайтын 4 көшенің жөндеу жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.