Кентау қаласында ұйымдастырылған тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен жастар белсене атсалысты.Шара барысында 300-ге жуық адам көше бойларын, арық-атыздарды қоқыстардан тазартты. Жиналған қоқыс пен кесілген ағаштарды тасымалдауға 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды,- деп хабарлайды turkistan.today
-Қала тазалығын сақтау-әрбір тұрғын үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан тазартудан басталады. Шара тек бір күндік тазалықпен шектелу емес, қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жерімізді таза әрі көрікті ұстауға шақырады,- деді қала тұрғыны Жанна Қазыбекова.
Жалпы қала әкімі Жандос Тасов тазалық жұмыстарын ұдайы жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бекітілген тапсырма барысында көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстау шаралары тұрғындарға түсіндірілуде. Одан бөлек, қала тазалығын сақтауда белсенділікті арттыру қажеттілігі ескерілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.