Қазақстандықтардың ҚР банктерінде 4,3 трлн теңге шетел валютасындағы депозиті бар, оның 3,9 трлн теңгесі мерзімді депозит (яғни, қаражатты сақтауға және жинақтауға арналған депозит). ҚР азаматтарының депозиттеріндегі шетел валютасының үлесі әлі де көп: биыл наурыз айында ол 27,7% болды. Мерзімді депозиттер бойынша шетел валютасының үлесі 29%-ға жуықтады.
Анықтама үшін: жалпы, резидент еместерді қоса алғанда, барлық жеке тұлғалардың қазақстандық банктерде 5,6 трлн теңгенің шетел валютасындағы депозиті бар (биылғы 1 сәуірдегі дерек). Бұл еліміздегі жеке тұлғалардың жалпы депозитінің 32,7%-ы. Оның ішінде шетел валютасындағы мерзімді депозит 4,6 трлн теңгені немесе шетелдіктердің шоттарын қоса алғанда жеке тұлғалардың барлық мерзімді депозиттерінің 31,7%-на тең.
Бір жағынан, ҚР-да долларсыздандыру жүріп жатқанымен, қазақстандықтардың жинақ ақшасындағы шетел валютасының үлесі кестелерден көрініп тұрғандай, жылдан жылға біртіндеп азайып келеді. Екінші жағынан, ҚР резиденттерінің шетел валютасынан бас тарта қоятыны байқалмайды.
Мемлекет пен халық арасындағы осындай мүдделер тепе-теңдігін ескере отырып, ҚР ЕДБ көпшілігі өз банктік қызметі арқылы клиенттерге ыңғайлы онлайн конверсияны ұсынады. Нарықта мүмкіндіктері кеңірек бірегей өнім бар: ForteForex валюталық сауда платформасы.
ForteForex ForteBank клиенттеріне валюталарды өз бағамы бойынша сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді. Банк клиенттері делдалсыз, спрэдсіз және кез келген басқа да шығынсыз өзара валюта саудалай алады.
Платформадағы барлық транзакциялар қатаң құпия.
Бұл сектордағы онлайн қызметтер ҚР-дағы интернеттендіру мен цифрландырудың жалпы дамуына орай өзекті. Мысалы, Қазақстан ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында интернет жылдамдығы бойынша бірінші орында.
Сонымен қатар, Қазақстандағы қала тұрғындарының интернетпен қамтылуы 95%, ауылдықтарда бұл көрсеткіш — 94%, бұл ретте әлемдік орташа көрсеткіш қалада 82%, ауылда — 46% ғана. Яғни, қаражатты шетел валютасына айырбастау банк бөлімшесінің жақындығына қарамастан ҚР-ның барлық өңірлерінің барлық тұрғындарына дерлік онлайн режимінде қолжетімді.
Қазақстандықтардың шетел валютасына деген сұранысы елдегі айырбастау пункттеріндегі сауда-саттықтан байқалады.
Биыл бірінші тоқсанда ҚР айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сатуы 385,5 млрд теңге болды, былтыр сәйкес кезеңде көрсеткіш 441,5 млрд теңге болған. Еуроның таза сатылымы бір жыл бұрын 57,9 млрд теңге болса, биыл 74,6 млрд теңгеге жетті.
Жалпы, 2022 жылдың 12 айында АҚШ долларының таза сатылымы 1,8 трлн теңге, еуро — 301,9 млрд теңге болды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.