Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 21 қыркүйек, 2023

9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 миллиард теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген. Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

607

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.