ХХІ ғасырда жер беті қанша адамға жетеді?

ХХІ ғасырда жер беті қанша адамға жетеді?
Жер бетіндегі халық үздіксіз өсуде, мамандар осы ғасырда 10 млрд-қа жетеді деп болжам жасап қойды. Сонымен жер бетінде қанша адам бар? 2023 жылы 8 млрд астам халық бар екен, оның: 50,3 пайызы ерлер, 49,7 пайызы әйелдер: 25 пайызы 15 жасқа дейінгілер болса, 10 пайызы 64 жастан жоғарылар. Адамзат 1 миллиардқа 1804 жылы ғана жетті, 2-ші млрд-қа 1930 жылы жетті. Содан кейін екінші дүниежүзілік соғыс жетпіс миллион адамның өмірін жалмап, туу көрсеткіші төмен түсіп кетті, деп хабарлайды Turkistan Today.
Демографиялық дүмпу 1960 жылы басталып 3 млрд-қа, 1974 жылы 4 млрд-қа, 1987 жылы 5 млрд-қа, 1998 жылы 6 млрд-қа жетті. Жер бетіндегі халық 2022 жылдың 15 қарашасында 8 млрд-қа жетті. Бұл әйелдердің баланы көп тууынан емес екен, 1950 жылы туу көрсеткіші әр әйелге 5 баладан келсе, 2023 жылы 2,5 баладан келген екен, оның мәнісі медицинаның дамуынан, балаға уақытылы екпе егуінен, сосын әйелдер баланы есеппен туатын болды, тіпті соңғы уақытта батыстағы жастар тек өзіміз үшін өмір сүреміз деген қағидамен өмір сүруі бірте-бірте үрдіс алып келе жатыр.
Сонау сексенінші жылдардың соңында Москваға гастрольдік сапармен келген атақты итальян әншісі Тото Кутуньоға «Комсомольская правда» газетінің тілшісі: «отбасында қанша балаңыз бар?» деген сұрағына: «менің концерттік сапарым бірнеше жылға бұрын жасалынып қойған, әйелім тележүргізуші оның да бос уақыты жоқ. Бала бізге не үшін қажет?» дегенің оқығанда мен ол кезде түсінген жоқ едім, тіпті санама да кірмеді. Сол адамдардың өзі үшін өмір сүретінің кейін білдім. Біз қазақ «бала адамның бауыр еті» деп біліп, өте балажан халықпыз, ондай қағида қазақ халықына мүлдем жат дүние, ылайым бізге келмей-ақ қойсың!
Қытай мен Үндістанның әр қайсысында 1,4 млрд. адам тұрады, бұл жер бетіндегі бүкіл халықтың 36 пайыз осы екі елде тұрады деген сөз. Жер бетінде 100 миллионан асатын елдер тізімі былай болып тұр. АҚШ- 336 млн, Индонезия- 287 млн, Пакистан- 238 млн, Нигерия-226 млн, Бразилия- 218 млн, Бангладеш- 169 млн, Ресей Федерациясы- 144 млн, Мексика-133 млн, Эфиопия- 124 млн, Жапония- 124 млн, Филлипин- 112 млн, Египет- 111 млн, Конг- 108 млн. Халықтың басым бөлігі Азияда екен, БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай Африка алға шығады екен. Қазақ мұндай да «Құдай беледі» дейді, әйтпесе жер бетіндегі халық 2028 жылы 8 миллиардқа жетеді деген болжамына 2022 жылы жетіп 8 миллиардқа жеткен болатын. Жер бетіндегі халық соңғы 200 жылы сегіз есе өскен екен! 2086 жылы жер бетіндегі халық 10,8 миллиардқа жетеді деп күтілуде.
Ашық дерек көзінен алынған мына фотода: Ұлы Қытай қорғанынан бері қарай ағылған халықты көруге болады, бұл қорған кезінде біздің арғы аталарымыз ғұндардан қорғану үшін біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда салынған болатын.
Бақытжан Абдул-Түменбай тарихшы, журналист-дайджест.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
1
funny
0
angry
0
sad
0
wow
1