Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған “Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақ” конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
Шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқарамасы басшысының орынбасары Жанәбіл Болат Серікұлы, жергілікті қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған конкурс жеңімпаздары:
1. «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі (төрайымы – Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы) – «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» номинациясы бойынша;
2. «Өгем» қоғамдық бірлестігі ( төрағасы – Әбдешов Әліхан Әбдешұлы) – «Қоршаған ортаны қорғау» номинациясы бойынша;
3. «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қоры ( төрағасы – Шалтанов Еркінбай Керімбайұлы) – «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау»номинациясы бойынша;
4. «Ғылыми зерттеулер мен инновациялық технологиялар» қоғамдық қоры ( төрағасы – Голярко Владислав Михайлович) – «Қоршаған ортаны қорғау» номинациясы бойынша;
5. «Эра - KZ» қоғамдық бірлестігі ( төрайымы – Таштемирова Зарина Рамазановна) – «Өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу»номинациясы бойынша атанды.
Аталған жеңімпаздарға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның атынан дипломдар табысталды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.