Қырғызстан президенті қазақ ақынына жылқы сыйлады

Қырғызстан президенті қазақ ақынына жылқы сыйлады

Бұл туралы елдің Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлады, деп Turkistan Today хабарлайды Inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

Оның айтуынша, 13 тамызда клубтар арасындағы көкбөріден әлем кубогының ашылу салтанатында Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты Бішкекте сыйлық күтіп тұрғанын айтқан. 

20 тамызда президенттің менеджері Каныбек Түмонбаев ақынға Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0