Қырғызстан Шүменовпен төбелескен отандасының ісін бақылауға алды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 шілде, 2023

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Астанада соққыға жығылған қырғызстандыққа қатысты жағдайды бақылауға алды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

18 маусымда Астанадағы "MEGA SILK WAY" СОО-дағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан. Кейіннен төбелеске белгілі боксшы Бейбіт Шүменовтің қатысы бар екені анықталды. Шүменов соққыға жыққан Қырғызстан азаматы екені айтылған еді.

2023 жылғы 13 шілдеде жәбірленуші К.А. Қазақстандағы Қырғыз Республикасының Елшілігіне шақырылды. Елші Д.Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары барлық қажетті процестік әрекеттерді жүзеге асыруда. Бұл мәселе министрліктің бақылауында, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, атақты боксшы Бейбіт Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Зардап шеккен тараптың адвокаты Қанат Тілеужан полиция мен прокуратураның істі жүргізуге келгенде құлықсыз екенін айтты.

 Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Бейбіт Шүменовтің төбелесі туралы толығырақ айтып берді.

Сондай-ақ  Бейбіт Шүменов қоғамда шу тудырған төбелеске қатысты өз ойын айтқан еді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан Бейбіт Шүменовті жазалауды талап етті.

ІІМ Бейбіт Шүменовтің 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін мәлім етті.

916

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.