“Қыста бұндай қар жаумаған”. Елордада нормадан тыс қар жауды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 17 сәуір, 2023

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп Turkistan Today хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, ай сайынғы норма 22 мм болған жағдайда, Астанада тек соңғы үш күнде 37,6 мм қар жауды.

Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қар күреу жұмысына күн сайын 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

17 сәуірге қараған түні елордадан 23 мың текше метрден астам қар немесе 1 671 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері бүгінгі күнге дейін полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 318 мыңнан астам рейс.

Ауа райының нашарлауына байланысты қалада көлік қозғалысының қарқындылығы төмендеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілер мен жолаушылар өте мұқият болуы, қауіпсіз қашықтықты сақтауы қажет.

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.