Қызылорда облысында Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшісі 543 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп Turkistan Today хабарлайды Arbat.media.дереккөзіне сүйене отырып.
Күдікке ілінгендер білім беру мекемелерінде жұмыс істемейтін адамдардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясы бойынша күдікке ілінген екеу қамауға алынды.
Сонымен бірге, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін күдікке ілінгендердің әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі. Сонымен бірге, ергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар әзірге жариялануға жатпайды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.