Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қызылорда облысы Арал ауданында 20 жастағы малшы төрт күннен бері хабарсыз кетті, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
24 шілдеде төтенше жағдайлар қызметіне Арал ауданы Шижаға елді мекенінен 40 шақырымда орналасқан "Айдарлы" фазендасынан 2003 жылғы азаматтың белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама түскен.
"Аталған шақырту бойынша №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 10 қызметкер КУНГ автокөлігімен жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары сол күнгі сағат 20:30-ға дейін жүргізіліп, ол нәтиже берген жоқ. Бүгін, 25 шілде іздестіру жұмыстары қайта жалғасты. Өрт сөндіру бөлімінен 20 қызметкер КУНГ автокөлігімен "Шижаға" елді мекеніне жақын орналасқан "Қайнар" және "Айдарлы" малшы ауылдарына іздестіру жұмыстарына жүргізді. Әзірге нәтиже жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасады", - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.