Қоғамдық даму басқармасының жаңа​ басшысы жұмысын жаңа кресло сатып алудан бастады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 12 қыркүйек, 2023

Гүлжанар Болатқызы өзіне арналған креслоға мемлекет бюджетінен​ 200 000 теңге бөлгізіпті.​

Тамыз айының​ соңында Батыс Қазақстан облысының әкімінің өкімімен​ Қоғамдық даму басқармасына Гүлжанар Шөкеева басшы болып тағайындалған еді. Облыстың идеологиялық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін​ қызметке келген сол су жаңа басшы жұмысын өзіне кресло сатып алудан бастады, —​ деп Turkistan Today хабарлайды Адырна ұлттық порталы gaszakup.qov.kz порталына сілтеме жасап.​

Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасы 11 қыркүйек күні жаңа басшыға арналған жаңа кресло сатып алу үшін тендер жариялаған. Гүлжанар Болатқызы бұрынғы басшының тағын қомсынды ма,​ әйтеуір өзіне арналған креслоға мемлекет бюджетінен​ 200 000 теңге бөлгізіпті.​

Тендер жеңімпазы 19 қыркүйекте анықталады.

Гүлжанар Болатқызы 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Талов ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

Алматы қаласының және Ақмола облысының Ішкі саясат, Мәдениет министрлігінің Қоғамдық жұмыс департаменті, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы (БҚО бойынша филиалы), сондай-ақ «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі секілді аты дардай мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарған.

Осындай тәжірибелі маман жұмыстың «біссімілләсін» жаңа кресло алудан бастағаны қалай?

Бұл сұрақ Гүлжанар Шөкееваның өзіне де жолданды. Ресми хатқа жауап келіп жатса, қосымша жарияланады.

680

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.