Көкпардан жастар арасындағы XVIII ҚР чемпионаты басталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 21 мамыр, 2024

21 мамыр күні шырайлы Шымкентте көкпардан жастар арасындағы ХVIII Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Бұл чемпионатқа Шымкент қаласы және Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарының құрама командалары қатысып жатыр,-деп хабарлайды turkistan.today 

21-30 мамыр аралығында өтетін бұл чемпионатта 140-қа жуық шабандоз өз өнерін көрсетеді.12 команда үш-үштен төрт топқа бөлінді. 

Бүгін, 21 мамыр чемпионаттың алғашқы жарыс күні өтті. Бірінші болып Қарағанды облысы мен Шымкент қаласының командалары кездесті. Бұл ойында Шымкенттіктер 12-3 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Екінші ойын Ақтөбе мен Ұлытау облыстары арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Бірінші тайм қорытындысы бойыншы 2-1 есебімен Ұлытау облысы жеңіп жатқан. Бірақ екінші таймда Ақтөбеліктер ойынды өз қолына алып, есепті 3:5 қылып «камбэк» жасады. Үшінші кездесу Жамбыл облвысының жастары мен Жетісу облысының жастары арасында болды. Бірақ бұл ойында Жамбылдықтар жауапсыз 12 салым салып Жетісулықтарды «ойнатпады» десек болады. Соңғы кездесу Батыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының арасында өтуі керек болған. Бірақ батыстықтардың шабандозының құжаты дұрыс болмай ойыннан шығып қалды. Ереже бойынша команданың ойыншылары алаңда 8-ден кем болса, ойын автоматты түрде тоқтатылып, техникалық жеңіліс беріледі. Осылайша, Алматы облысы ойнамай-ақ жеңіске жетті.

Жастар чемпионаты Шымкент қалалық ипподромында 30 мамырға дейін созылады. Ойындар күн сайын 09:00-де басталатынын естеріңізге саламыз.

Бас серіктес: «Самұрық-Қазына»

Демеушілер: «Sport qory» спортты қолдау қоры.

«BI Group» компаниясы

344

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.