Көкшетауда жамбы ату мен теңге ілуден ел чемпионаты басталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 15 маусым, 2023

Бүгін Көкшетау қаласында Жамбы ату мен Теңге ілуден жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Ат үстіндегі мергендердің біріншілігіне еліміздің 15 өңірінен 100-ге жуық жамбышы, 65 теңге ілуші келді.

Оның ішінде, жамбы атудан Әлем чемпионы Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Абзал Тұлыбековтер де бар. Жамбышылар «қазақ», «түрік», «корей» стильдері бойынша мергендіктерін сынайтын болады. Теңге ілудің халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғалымжан Ізжанов та осы жарыста бағын сынайтын болады.

Жарыстың салтанатты ашылуына ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев, республикалық «Теңге ілу» федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыров, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжановарнайы келіп қатысты.

«Табиғаты бүкіл әлемге әйгілі Көкшетау жерінде өтіп жатқан жамбы ату мен теңге ілуден ел чемпионатының басталуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Білікті де білімді бабаларымыздан мирас болып қалған Жамбы ату мен Теңге ілу бүгінде бұқаралық сипатқа ие болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлттық спорт мәртебесін көтеру және оны Олимпиадалық спорт түрлерінің деңгейіне көтеру, сондай-ақ, ұлттық спортты дамыту Тұжырымдамасын әзірлеу  бойынша бірқатар тапсырма берген болатын. Біз бұл бойынша жұмыстарды бастап кеттік.

Ұшқыр ойлы, ыстық жүректі, мықты рухты жастарды тәрбиелеуде ұлттық спортымыздың алар орны ерекше. Келер жылы елімізде Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары өтеді. Оның жоғары деңгейде өтуіне баршамыз атсалысуымыз керек. Себебі, еліміздің атын бүкіл әлемге паш ететін бұл таптырмас мүмкіндік», - деді жарыстың ашылуында сөз сөйлеген Тастанбек Құтжанұлы.

Чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт минситрлігі, ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы, республикалық «Жамбы ату» және «Теңге ілу»федерациялары мен Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастыруда.

Жарыстың бас демеушілері – «Alageum Electric» және  «AlemAgro Holding» компаниялары екі спорт түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 7 000 000 теңге көлемінде жүлде қарастырған.

Ал, турнирдің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры болып табылады.

 

Айта кетейік, сайыстың финалдық ойындары 22 маусым күні өтетін болады.

1.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.