Қорғаныс министрлігі ел Президенті Жолдауының негізгі аспектілерін талқылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 қыркүйек, 2023

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен қорғаныс ведомствосында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Құжаттың маңыздылығын түсінген Қарулы күштердің жауынгерлері оны шынайы қызығушылықпен тыңдады. Бағдарламалық баяндамаларда жыл сайын елдегі ағымдағы ахуалға баға беріледі, таяудағы бағдарлар айқындалады, мемлекетіміздің даму бағытын реттеу жүргізіледі. 

Осы Жолдауда ел Президенті экономика және әлеуметтік сала туралы айтты. Мемлекет басшысы қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту мәселесіне жеке тоқталды.

Президент армиямыздың заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту маңызды мәселелердің бірі екеніне тоқталып, дамыған мемлекеттерде ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Қазақстан әскерін әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарымен, ұшқышсыз басқарылатын аппараттармен, барлау кешендерімен, броньды техникамен, атыс қаруымен, қазіргі заманғы дәлдігі жоғары қару-жарақпен және оқ-дәрілермен қамтамасыз ету, қару-жарақ пен әскери техниканы зауыттық жөндеуді жолға қою қажет. 

– Біз, әскери қызметшілер, еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жолында ел Президенті мен халық қойған барлық міндеттерді мүлтіксіз орындауымыз керек, – деп атап өтті Сұлтан Камалетдинов.

565

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.