ҚР-да тыңайтқыш өндірісі — азоттты және фосфорлы тыңайтқыш өндірісі азайып барады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 6 наурыз, 2023

Ал тыңайтқыштардың экспорттық жеткізілімдердің бағасы 35,6% өсті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Биыл қаңтар айында минералды немесе химиялық тыңайтқыштар өндірісі 36,4 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда бірден 36,9% аз. Оның ішінде азотты тыңайтқыштар өндірісі 32,6 мың тоннаны құрап, бір жыл бұрынғыдан 20% төмендесе, фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі небәрі 3,8 мың тоннаны құрап, былтырғы қаңтармен салыстырғанда 4,4 есе кеміді.

Жалпы 2022 жылы 437,7 мың тонна азотты минералды немесе химиялық тыңайтқыштар өндірілді, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 1,7% аз*. Осы кезеңде фосфорлы тыңайтқыштар 138,1 мың тонна өндірілді, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 29,4% аз.

* тиісті кезеңдердегі жедел деректерді салыстырылған

2022 жылдың қорытындысы бойынша отандық химия зауыттары азотты тыңайтқыштарға сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 2021 жылғы қаңтар–желтоқсандағы 50,7%-бен салыстырғанда 53,5% қамтамасыз етті. Бір жыл ішінде импорт үлесі тиісінше 49,3%-дан 46,5%-ға дейін төмендеді. Импортталған азотты тыңайтқыштар көлемі 12% азайып, 381 мың тоннаны құрады. Азотты тыңайтқыштардың экспорты бірден 3 есе, яғни 51,8 мың тоннаға қысқарды, ал ішкі нарықтағы сатылым көлемі 6,3% өсіп, 766,8 мың тоннаны құрады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша фосфорлы тыңайтқыштар нарығы 99,9% қазақстандық өндірушілерге тиесілі болды. Импорттың үлесі бір жылда 1,4%-дан 0,1%-ға дейін төмендеп, 200,3 тонна ғана импортталды, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 13,6 есе аз. Фосфорлы тыңайтқыштардың экспорты 2,1 мың тоннадан 4,7 мың тоннаға дейін өсті. Бұл тыңайтқыштардың ішкі нарықтағы сатылымы бірден 32%, яғни 133,6 мың тоннаға дейін қысқарғанын айта кеткен жөн.

2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда тыңайтқыштардың экспорттық жеткізілімдерінің бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6% өсті, ал бір жыл бұрын баға 38,2% өскен.

Салыстыру үшін: 2020 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша сектордағы тыңайтқыштардың экспорттық жеткізілімдерінің бағасы 9,8% төмендегені байқалады.

1.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.