ҚР ЕДБ активтері 184 миллиард теңгеге азайды. Қай банктерде көбейді?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 12 маусым, 2023

ҚР ЕДБ активтері биыл 1 мамырда бір айда айтарлықтай 184,4 млрд теңгеге азайып, 44,8 трлн теңгені құрады. ҚР-дағы 21 ЕДБ ішінде тек 12 банк оң көрсеткіште, ал алғашқы ондықтағы тек 5 ЕДБ ғана оң көрсеткіште, деп хабарлайды Turkistan Today.

Ай сайынғы өсім бойынша сектордың абсолютті көшбасшысы Еуразиялық банк: бірден 61 млрд теңгеге ұлғайтып, 2,7 трлн теңгеге жеткізді. Бір қызығы, жыл басынан бері де Еуразиялық банк көш бастап келеді: 366,7 млрд теңгеге көбейген. Банктің сектордағы үлесі қазірдің өзінде 6,1%-ды құрады, бұл ҚР ЕДБ арасында активтерінің көлемі бойынша алтыншы орында.

Банктің несие портфелі 1,3 трлн теңгеге дейін өсті — бір айда 43,9 млрд теңгеге және жыл басынан бері 143 млрд теңгеге ұлғайды; бұл сектордағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Банк тауарлық несиелеу нарығындағы көшбасшылардың бірі. Атап айтқанда, мамыр айында Global Finance сарапшылары Еуразиялық банкті Best Financial InnovatBest Financial Innovations 2023 сыйлығының «Top Innovator in Consumer Finance» номинациясында Broker 2.0 жобасын марапаттады. Аталған жоба бойынша тауарлық несие бар болғаны 4 секундта мақұлданады. Алайда қазір активтердің өсуі бағалы қағаздармен табысты операцияларға, инвестициялық операцияларға және банктің меншікті және қарыз қаражаттарын орналастыру бойынша басқа да операцияларға көбірек әсер етті.

Активтердің ай сайынғы өсімі бойынша екінші орында Фридом Финанс Қазақстан банкі: 48,9 млрд теңгеге көбейіп, 1,5 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері өсім айтарлықтай 268,9 млрд теңгені құрады. Банк нарықтың 3,4%-ын алып, активтері бойынша алғашқы ондықта. Банктің несие портфелі бір айда 48,8 млрд теңгеге, ал жыл басынан бері 87,2 млрд теңгеге өсіп, 430,7 млрд теңгеге жетті. Алайда бұл несие беруші екінші деңгейлі банктердің ондығына кірмейді.

Ай сайынғы динамикада активтердің өсімі бойынша алғашқы үштікті Bereke Bank жапты: 41,4 млрд теңгеге көбейіп, 1,7 трлн теңге болды. Жыл басынан бері банк, керісінше, көрсеткішті төмендетті: 15,4 млрд теңгеге азайған. Банк активтері бойынша тоғызыншы орында және нарықтың 3,7%-ын алады. Bereke Bank-тің несие портфелі бір айда 33,3 млрд теңгеге, ал жыл басынан бері 26,6 млрд теңгеге өсіп, 1,4 трлн теңгеге жетті. Банктің бұрынғы иесі ресейлік Сбербанктен мұраға қалған санкциялар жойылғаннан кейін Bereke Bank елдің банк секторындағы жоғалған позицияларын белсенді түрде қалпына келтіруде.

Активтердің көлемі бойынша ҚР ЕДБ алғашқы ондығына бұдан бөлек ЦентрКредит банкі (11,4 млрд теңгеге, 4,4 трлн теңгеге дейін) және Отбасы банкі (2,7 млрд теңгеге, 3,6 трлн теңгеге дейін) кіреді.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.