ҚР ЕДБ депозиттері бір айда 1% азайды. Қай банктер көбейтті?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әртүрлі 16 маусым, 2023

ҚР ЕДБ депозиттері 1 мамырда 31 трлн теңгені құрады. Бұд бір ай бұрынғыдан 1% немесе 323,9 млрд теңгеге аз. Үздік ондыққа кіретін депозит қабылдайтын банктердің ішінде тек 3 ЕДБ көрсеткіштерін көбейтті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Ірі банктер арасында абсолютті көшбасшы — Bereke Bank: бір айда 3,1% (немесе 32 млрд теңгеге) өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті. Бір қызығы, жыл сайынғы динамика бойынша да банк көшбасшы: бірден 2,8 есе. Іс жүзінде банк бұрынғы бас компаниядан (ресейлік Сбербанк) қалған мәселелерді еңсеріп, биыл тұрақты өсім жолына түсті.

Еске салайық: Ресейдің Сбербанкіне Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты 2022 жылдың сәуірінде санкция салынған болатын. Нәтижесінде Сбербанктің қазақстандық еншілес ұйымы да санкцияға ұшырады. Былтыр тамыз айында еншілес банктің барлық акцияларын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне сату туралы келісімге қол қойылғаны хабарланған болатын. Былтыр қыркүйек айынан бастап банк 100% қазақстандық болды. Сол айда банк қайта тіркеуден өтіп, Bereke Bank деп аталды. Биыл Bereke Bank санкциялардан толық босатылды және барлық сегменттер — депозит бойынша да (12) және несие бойынша да (12) елеулі белсенділік танытты. Банк сондай-ақ депозиттер сегментіндегі триллионер банктер қатарына қосылды.

Екінші орында Kaspi Bank: 0,8% көбейіп, 4,4 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банк өзінің депозиттік портфелін 49,1% ұлғайтты.

Үздік үштікті Еуразиялық Банк жабады: 0,7% көбейіп, 1,9 трлн теңгеге жеткен. Бір жыл ішінде банк портфелі 78,7% өсті.

Ескерту: осы үштіктен басқа, алғашқы ондыққа кіретін барлық банктер биыл сәуір айының қорытындысы бойынша депозит көлемін төмендетіп алды. Жалпы, сектор бойынша ҚР 21 ЕДБ-нің 12-сі теріс динамика көрсетті, оның ішінде алғашқы ондыққа кіретін 7 банк бар.

Төмендеудің негізгі себебі бизнес депозиттерінің сегменті, ол бір айда 2,8% азайды (13,8 трлн теңгеге дейін), ал жеке тұлғалардың депозиттері, керісінше, 0,5% (17,2 трлн теңгеге дейін) өсті. Осылайша, ҚР ЕДБ жиынтық депозиттік портфелінде халықтың депозиттері бір ай бұрынғы 54,7%, жыл басындағы 53,6%, бір жыл бұрынғы 51,4%, бес жыл бұрынғы 49,8%, он жыл бұрынғы 38,2%-дың орнына қазір рекордтық 55,6% болып отыр.

2.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.