Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 13,8 млрд АҚШ долларына жетті, бұл былтырғыдан 4,1% артық. Оның ішінде Ресеймен тауар айналымы 12,7 млрд АҚШ доллары, Қырғызстанмен — 645,5 млн АҚШ доллары, Беларусьпен — 456,3 млн АҚШ доллары, Армениямен — 21,3 млн АҚШ доллары болды. ҚР тауар айналымы құрылымындағы ЕАЭО елдерінің үлесі 20,6%.
Сауда айналымының басым бөлігі әлі де импорт. Алты айда ҚР-ға 8,4 млрд АҚШ доллардың тауары импортталды, бұл былтырғыдан 9,9% аз. Импорт құрылымындағы ЕАЭО елдерінің үлесі 28,8%.
Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорты 5,4 млрд АҚШ долларына жетті, көрсеткіш бір жылда 36,8% өсті. Экспорт құрылымындағы ЕАЭО елдерінің үлесі 14,3%.
2023 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспортының ең маңызды бабы бейорганикалық химия өнімдері болды (890,4 млн АҚШ доллары, бір жылда 54,3% көбейген). Сондай-ақ экспорттың елеулі көлемі жалпақ шойын мен болатқа, құрлықтағы көлік құралдары, ұшу құрылғылары, су көліктері және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтарға, жасанды корунд, темір рудалары мен концентраттарына тиесілі.
Бұл ретте Қазақстан бірінші кезекте қара металдан жасалған құбырларды импорттады: 468,3 млн АҚШ долларына, көрсеткіш былтырғыдан 2,3 есе көп. Одан кейін мұнай және мұнай өнімдері, шойын және болат штангалары, дизельдік отын, жалпақ шойын мен болат та айтарлықтай көлемде импортталды.
Сонымен қатар, ҚР резиденттерінің ЕАЭО елдері инвесторлары алдындағы міндеттемелері биыл наурыздың соңында 19,4 млрд АҚШ доллары болды, бұл былтырғыдан 2,5% аз.
Соның ішінде Армения инвесторлары алдындағы міндеттемелер 16,9 млн АҚШ долларын (бір жылда 2,1 есе көбейген), Беларусьтен — 231,5 млн АҚШ долларын (1,5 есе көбейген), Қырғызстаннан — 233,1 млн АҚШ долларын (1,5 есе көбейген), Ресейден — 18,9 млрд АҚШ долларын (3,4% азайған) құрады.
Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде ҚР резиденттерінің ЕАЭО елдерінің инвесторлары алдындағы міндеттемелері 19,9 млрд АҚШ долларына жетіп, бір жылда 57% өскен.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.