Қазақстанның Үстел теннисі федерациясы мен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» бірлесіп ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 ресми тұмарына арналған республикалық байқауды бастады,—деп хабарлайды turkistan.today порталы Elordainfo.kz сайтына сілтеме жасап.
«Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Қазақстанда өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатының символына айналатын ерекше, заманауи әрі есте қаларлық кейіпкерді жасауға шақырамыз!», делінген хабарламада.
Байқауға дизайнерлер, суретшілер, иллюстраторлар, шығармашылық мамандықтардың студенттері, креативті командалар қатыса алады.
Жеңімпазға ақшалай сыйлыққа ие болады, Astana 2027 ресми тұмарының авторы атанады, әлемдік спорт тарихының бір бөлшегіне айналу мүмкіндігіне ие болады.
«Байқауға қатысу үшін info@astana2027.kz электронды поштасына өзіңіз туралы қысқаша ақпарат жіберіңіз. Жауап ретінде сізге Байқау туралы ереже және қатысу шарттары жолданады. Дайын конкурс жұмыстары 2026 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Сіздің идеяңыз ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 әлем чемпионатының жаңа символына айналсын!», делінген хабарламада.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.