Қазалы тұрғындары үшін құрқылтайдың ұясы таңсық дүние емес. Арқадағы қасқырдың өті сияқты, сақтап қойып, қажет жағдайда қолдан-қолға өте береді. Дертіне шипа іздеген жан емшіге құрқылтайдың ұясын өзі ала келеді. Мына алақандай ғана ұя 80 түрлі сырқатқа шипа дейді.
ШЫНАР ЕСБЕРГЕНОВА, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ана болу бақытына ие бола алмай, жүкті бола алмай жүрген жандарға біздің текті, қолында емдік қасиеті бар, тәрбиелі, өсіп-өнген аналарымыз оны булау арқылы, кешкілік жатар уақытта ем ретінде пайдаланып отырған. 05:56 қазіргі кезде дәрі-дәрмексіз, операцияға бармай, осы құрқылтайдың арқасында ана бақытына ие болып жатқан жандар өте көп.
Нәрестелі бола алмай қиналған бұл ауылдың келіншектері – әулиелердің басына түнеп бала сұраған, емханалардың табалдырығын тоздырған. Ақыры, оның ешқайсысы нәтиже бермей, құрқылтайдың ұясына отырып көтердік дейді.
АҚКЕНЖЕ ДЕМБАЕВА, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мен сол құстың арқасында бала көтеріп, балалы болып отырмын. Бірнеше жыл бұрын құрқылтайдың ұясын өзім пайдаландым. Сол арқылы балалы болдым. Қазір шүкір балаларым бар. Осылай құрқылтайдың ұясының қасиетіне көзім жетті.
Құрқылтайдың құдіреті барын Қазалыдағы әжелер жарыса айтады. Емші Тұрсын апа кішкентай ғана ұяның көмегімен талайды дертінен айықтырдым деп отыр. Аудан орталығы Әйтеке би кентінде тұрады, бірден бізге құрқылтайдың ұясын пайдалану жолын көрсетті.
ТҰРСЫН КЕРІМБЕРДІҚЫЗЫ, ЕМШІ
Мынаның демі кішкентай басылғанша, ыссысы қоямыз, мынаны адамның ауырған жеріне басамыз. Күймейтін болған уақытта. Мынаны бүйтіп қойып, кімнің бүйрегі ауырады, кімнің тізесі, аяғы аурыады, соған мынаны ораймыз, аяқты, бүйректі, сөйтіп жату керек күтініп. Мынаның ыстығы басылғанша.
Тұрсын апа бұл іспен 30 жылдан бері айналысады. Ем іздеп Астанадан, Шымкенттен, Ақтөбеден де келетіндер бар көрінеді.
ТҰРСЫН КЕРІМБЕРДІҚЫЗЫ, ЕМШІ:
Құрқылтайдың ұясы дегенді ұялап балапан ұшқаннан кейін алу керек деп, балапан ұшқаннан кейін пайдаланамыз. Бұл құрқылтайдың ұясының көп көмегі бар ауруға. Қазір медицина дамыған ғой, сонда да ата-бабан келе жатқан емдерді осы кезде көбіне-көп пайдаланып жүрмін. Қасиеті мұның көп. Көп ауруларға ем бұл. Әсіресе бүйректе тас бар, құм бар деген бар.
Ел ішінде Құрқылтайдың ұясын тауып алған адамның жолы болады деген де ырым бар. Өзі – Мамықтай жұп-жұмсақ екен. Құстың ғажайып шеберлігіне, кішкентай талшықтарды қиюластырған еңбекқорлығына таңғаласың!
ШЫНАР ЕСБЕРГЕНОВА, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Құрқылтай деген өте қасиетті құс екен, өзінің мекенін өзінің ұясын, өзінің мекенін ұясын олөзінің сілекейі мен жібек матаның қылымен, шөптермен әдемі орналастыра отырып, өріп тоқиды екен.
Құрқылтай тек Сырдария бойында емес Арал теңізі, Балқаш-Алакөл, Еділ мен Жайық алқабында, Елек бойында, Арал теңізі, Шу, Талас өзендерінің тоғайлы, тораңғылы алқабында көп кездеседі. Жалпы құрқылтайдың ұясының қасиеті мен пайдасын қазақ ежелден білген, біз тек соны ұмытпай жалғап келеміз дейді, қазалалылықтар.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.