Жылыой ауданында 14 жастағы үш жасөспірім әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Тексеру барысында олардың бұл әрекетті «лайк жасау мақсатында» ұйымдастырғаны анықталды.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Нәтижесінде, олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігі («Кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен мінез-құлқына қатысты міндеттерін орындамауы») бойынша әкімшілік шара қолданылды.
Полиция ескертеді: Лайк, хайп немесе пранк үшін жалған хабар тарату батылдық емес. Бұл қоғамдық тәртіпті бұзу және өзге азаматтарға құрметсіздік көрсету болып табылады. Мұндай әрекеттер заңмен қатаң реттеледі.
Жылыой аудандық полиция бөлімі қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.
"Ата-аналарға ескерту, балаларыңыздың интернеттегі іс-әрекетіне назар аударыңыздар. Тәрбиедегі жауапкершілік – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі" дейді аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жолдаскалықызы Жанаргүл.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.