Серіктестер

Әлемде қанша елде қыздарға хиджаб кию міндетті?

Дін 15 шілде, 2026

Хиджаб мәселесі әлемнің көптеген елдерінде қоғамдық және саяси пікірталастардың өзегіне айналған тақырыптардың бірі. Бірқатар мемлекеттерде әйелдердің киім таңдау еркіндігі заңмен қорғалса, кейбір елдерде қоғамдық орындарда орану міндеттелген,— деп хабарлайды turkistan.today

Иранда 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін әйелдердің қоғамдық орындарда хиджаб тағуы заңмен бекітілді. Елде бұл талапты сақтамаған азаматтарға айыппұл салу немесе басқа да әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Соңғы жылдары бұл нормаға қарсы наразылықтар күшейіп, қоғамда қызу талқыланып келеді.

Newsroom.kz порталы хабарлағандай, Ирандық әнші Парасту Ахмади мен оның продюсерлік тобының сегіз мүшесі хиджабсыз өнер көрсеткені үшін 74 дүре соғу жазасына кесілді.

2024 жылдың желтоқсанында 29 жастағы Парасту Ахмади өзінің YouTube арнасында тікелей эфирде «Az Khoone Javanane Vatan» («Отан жастарының қанынан») атты патриоттық әнді орындаған. Әнші эфир барысында хиджаб тақпаған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде кең тарап, миллиондаған қаралым жинаған. Алайда кейін сот Ахмадиді 74 дүре соғу жазасына кескен. Сонымен қатар, Иранның Құм провинциясының соты оны «қоғамдық мораль нормаларын қорлады» деп танып, екі жылға елден шығуға және шығармашылық қызметпен айналысуға тыйым салды.

Ал Ауғанстанда билік әйелдерге қоғамдық орындарда исламдық киім талаптарын сақтауды міндеттеген. Халықаралық ұйымдар бұл талаптарды әйелдердің құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселелердің бірі ретінде көтеріп жүр.

Ulysmedia.kz мәлімдегендей, Былтыр қарашада Ауғанстанның Герат провинциясында тәліптер әйелдерге қатысты киім талаптарын тағы да қатайтты. Бұдан былай мектептегі барлық әйел-мұғалімдер паранджа киюге міндетті.

Сонымен қатар, кейбір елдердің жекелеген өңірлерінде ғана мұндай талаптар кездеседі. Мәселен, Индонезияның Ачех провинциясында жергілікті шариғат заңдарына сәйкес әйелдердің басын жабуы талап етіледі. Алайда бұл ереже бүкіл ел аумағына таралмайды.

Айта кетейік, мұсылман халқы басым көптеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да елдерде хиджаб тағу заң жүзінде міндетті емес және әйелдердің жеке таңдауы ретінде қарастырылады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.