LuLu компаниясы қазақстандық өнімге қызығушылық танытты

Жаңалықтар Бүгін, 16:04

БАӘ-нің тақ мұрагерінің ресми сапары аясында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Парсы шығанағы елдеріндегі жетекші ритейлер — LuLu компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Юсуф Әли Мусалиам Виттил Абдул Кадермен кездесті,- деп хабарлайды turkistan.today

LuLu 280-нен астам гипермаркет желісін басқарады және қазақстандық өндірушілермен бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі. Тараптар ет, сүт, жұмыртқа, астық өнімдерін экспорттау, жеміс өңдеу және ет өнімдерін өндіру мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан LuLu-ге елімізде логистикалық және экспорттық орталық ашуды ұсынды. Бұл қадам компанияға өнімді тиімді жинап, Парсы шығанағы елдеріне жөнелтуге жол ашады.

 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.