Бүгін «Ұлы дала елі» орталығында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме қазақтың ұлттық киімдерінің алуан түрлілігін, олардың тарихы мен мәдени маңызын насихаттауға бағытталған,- деп хабарлайды turkistan.today
Көрмеде қазақтың дәстүрлі киім үлгілері, соның ішінде шапан, сәукеле, кимешек сияқты ұлттық киімдер ұсынылды. Әрбір киімнің өзіндік мәні мен ерекшелігі бар, олардың жасалу әдістері мен қолданылу дәстүрі келушілерге кеңінен таныстырылды.
Іс-шара барысында келуішілерге ұлттық киім үлгілерінің аймақтық ерекшеліктері көрсетіліп, олардың әшекейлену ерекшеліктері мен символдық мағынасы туралы ақпарат берілді.
Көрме қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, арнайы фотоаймақта суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге ұлттық қолөнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылып, олардың жасаған бұйымдары да назарға ұсынылды.
Айта кетейік, бұл шара халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық киімнің әсемдігін көрсетуге және жастарды ата-баба дәстүріне жақындатуға арналған. Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы, рухани құндылығымыздың бір бөлігі. Сондықтан осындай іс-шаралар арқылы халқымыздың сәндік-қолданбалы өнерін жандандыруға атсалысу жалғасын таппақ.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.