Серіктестер

Мәжіліс депутаттары Қызылордадағы «Эко такси» қызметі мен Президенттік парктің жаңғыртылу барысымен танысты

Жаңалықтар 12 қаңтар, 2026

Жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаттары Қызылорда облысында отандық «Эко такси» сервисінің жұмысын көріп, Президенттік паркті қайта жаңғырту жобасының жүзеге асу барысын бағалады.

12 қаңтар күні Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев отандық «Эко такси» сервисінің қызметімен танысып, Қызылорда қаласындағы Президенттік парктің реконструкциясын тексерді.

«Эко такси» жобасы 2024 жылы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында іске қосылған. Сервистің басты ерекшелігі — жүргізушілерге қолайлы әрі әлеуметтік бағытталған жұмыс моделі. Әр жүргізуші тапсырыс үшін белгіленген 60 теңге ғана төлейді, ал қалған табыс толықтай өзіне тиесілі. Арнайы үйлестіруші ұйымдар арқылы жалақы, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары жүзеге асырылады, жүргізушілер күн сайын медициналық тексеруден өтеді. Қызмет мемлекеттік органдардың бақылауында.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, бүгінде Парламентте шетелдік такси агрегаторларының қызметі кеңінен талқыланып жатыр.

 Ондай платформаларда комиссия 25 пайызға дейін жетеді, жүргізушілер медициналық тексеруден өтпейді, әлеуметтік төлемдер мен сақтандыру қарастырылмаған. Бақылау жоқ, табыс шетелге кетіп жатыр. Бұл — өзекті мәселе, — деді депутат.

Сапар барысында халық қалаулылары Президенттік паркті қайта жаңғырту жобасымен де танысты. Жаңарту аяқталғаннан кейін парк заманауи демалыс аймағына айналады. Жоба аясында 300 орындық балалар лагері, ботаникалық бақ, субұрқақты аллеялар, амфитеатр, спорт және балалар алаңдары, workout-аймақтар, фудкорт, веложолдар мен каскадты су арналары салу көзделген.

Депутаттардың айтуынша, соңғы екі жылда өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілген, тағы жүзге жуық объект қазіргі таңда қайта жаңғыртудан өтіп жатыр.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.