Максим Галкин Қазақстандағы концерті өтпейтінін айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 31 тамыз, 2023

Ресейдің танымал пародисі Максим Галкин Қазақстандағы концерттеріне жасырын тыйым салынғанын айтты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желіде Қазақстанды жақсы көретінін, бірақ концерттерін өткізуге белгісіз себептер барын жеткізді.

Мемлекеттік деңгейде менің Астана мен Алматыдағы концерттерімнің өтуіне кедергі келтіріп жатқандар. Басында бәрі керемет еді, билеттер сатылып жатқан. Ал кейін кейбір ойдан шығарылған себептер, сахна сыртындағы тыйымдар басталды. Соған қарағанда менің концерттерімді өткізуден қаймығатын сияқты, - дейді Максим Галкин.

Максим Галкин Ресей Федерациясының басшылығын Украинаға басып кіргені үшін сынап, жұбайы Алла Пугачева екеуі Кипрге кеткен. Былтыр қыркүйек айында Ресей Федерациясының әділет министрлігі оны шетелдік агент деп таныған.

Бұған дейін Галкиннің Эстония астанасы Таллиндегі концерті де өтпей қалған болатын.

676

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.