Маңғыстау облысында электр жарығын «тиімді» ажырату әдісі қолданылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 14 тамыз, 2023

Маңғыстау облысының бірқатар елді мекенінде электр энергиясын «тиімді» ажырату әдісі қолданылады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы 13 тамызда №3 энергоблоктың авариялық жөндеуде болуына және «МАЭК» ЖШС электр станциясында №1 ЖЭС энергоблогының тоқтауына байланысты «КЕГОК» АҚ Ұлттық диспетчерлік орталығы диспетчерінің келісімімен электр энергиясын тұтынуға ішінара шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Өңірде облыс басшылығының төрағалығымен жедел штаб ашылды. Жедел штабтың құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдері кірді. 13-14 тамызға қараған түні жедел штаб жұмысы барысында бірінші санаттағы объектілерді (Әлеуметтік және денсаулық сақтау объектілері) электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Өңірдің елді мекендерін электр энергиясымен пропорционалды қамтамасыз ету үшін уақытша ажыратуды «тиімді» тәсілмен қолдану туралы шешім қабылданды. Бұл, аймақтарға сәйкес, тұтынылатын энергия көлемін шектеу мақсатында тұтынушыларды 3-тен 5 сағатқа дейінгі электр желісінен циклдік ажырату жүргізілетінін білдіреді.

Бұл шара «МАЭК» энергоблоктарындағы апат жойылғанға дейін жалғасады.

Ірі өнеркәсіптік нысандарға берілетін электр энергиясына да шектеу қойылмақ. Жедел штаб электр энергияны тез арада қалпына келтіру мақсатында бірқатар шараларды қабылдауда.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев жауапты тұлғаларға барлық коммуналдық қызметтердің үйлесімді жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ «МАЭК»энергоблоктарындағы апат жойылғанға дейін өнеркәсіп тұтынушылары мен тұрғындарға электр энергиясын үнемді пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді айтты.

722

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.