Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт екі айдан бері әлі өшкен жоқ

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 23 тамыз, 2023

Маңғыстауда Қаратұрын кен орнында ұңғымадан шыққан өрт екі жарым айдан бері әлі өшкен жоқ. Салдарынан қоршаған орта ластанып жатыр, - деп Turkistan Today хабарлайды Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Экологтар облыстағы ауа құрамын тексеріп, 2540 мг/м3 метанның шекті мөлшерден асып кеткенін анықтады.

"Компания өкілдері кен орындағы жағдай тұрақты, ал жанып тұрған алаудан қоршаған ортаға келетін зиян жоқ деп сендіріп әлек. Бірақ біздің мамандар сынамалар алды. Алғашқы нәтижесі белгілі. Енді жауапкершілік мәселесін көтеру үшін қоршаған ортаға келтірілген залалдың нақты келемі анықталады. Өрт толықтай өшірілгенде, тексеру жүргізіліп, айыппұл салынады", - дейді облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Түкенов.

Ақтау қаласынан 277 шақырымда орналасқан "Оңтүстік Қаратұрын" мұнай кен орнында өрттің тұтанғанына 2,5 ай болды.

Ұңғымалардың бірінде жөндеу жұмыстары кезінде жер астынан газ-су қоспасы атқылап, өртке ұласқан. Мамандар оны өшірудің түрлі шарасын қолданды. Алайда жер ойылып, ұңғыма жер астына түсіп кеткен.

734

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.