Маңғыстау облысында мұғалімдер күніне 15 сағаттан жұмыс істеп келген

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 31 мамыр, 2023

Үш жылда мектепке бюджеттен 30 млн теңге артық қаражат аударылған.

Бұл туралы "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов хабарлады, деп Turkistan Today жазады  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің апталық жүктемесі 77 сағатты құраған.

"Егер заң бойынша бір педагогқа бір жұмыс аптасында (алмастыру жүктемесімен бірге) 24/32 сағат қарастырылса, Еңбек кодексінде жұмыс аптасы 40 сағаттан аспауы керек деп белгіленген. Ал Мұнайлы ауданындағы №11 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің аптадағы қызмет уақыты 77 сағатты құрайды", деп жазды Дидар Смағұлов. 

Сағат санын артық жазу арқылы мектепке 2019 жылы 6,2 млн, 2020 жылы 7 млн, 2022 жылы 17,1 млн теңге ақша артық аударылған. Үш жылдағы шығын 30 млн теңгеден астам. 

"Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алдағы уақытта бұл мектепке аудит жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. 

1.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.