Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин мен Қазақстанның экс-мемлекеттік кеңесшісі Әділбек Жақсыбековтің футбол матчында жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Бұл туралы әлеуметтік желіде Марат Сәрсенбай “Абай облысында өртпен арпалысып жатқанда Асқар Мамин мен Әділбек Жсқсыбеков Стамбулда футболдан Чемпиондар лигасын тамашалап жүр”. Сондай-ақ ол:
“Асқар Мамин мен Әділбек Жақсыбековтың елге жаны ашымайды. Оларға тіккен ставкалары маңызды”,-деп жазды ол.
Суреттен бастарына бас киімін басып киген екі экс шенеуніктер Мамин мен Жақсыбековті байқауға болады.
Естеріңізге салсақ, қаңтар оқиғасынан кейін премьер-министр Мамин бастаған үкімет отставкаға кеткен болатын. Сонымен қатар 12 маусым елімізде президенттің жарлығымен жалпыұлттық аза тұту күн болып жарияланды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.