Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Жұлдыз Сүлейменова, Қазыбек Әлішев келді. Олар партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүргізілген «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС-н жаңғырту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Turkistan Today.
Бұл комбинат Қазақстандағы ең ірі жоғары технологиялық диірмен кешені болып табылады. Кәсіпорын "Granum" сауда белгісімен жоғары наубайханалық қасиеті бар ұн өндіріп, елдегі жалғыз "Экстра" сортының ұнын шығарады. Оның өндірістік қуаты жылына 140 000 тонна астықты өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл облыстың ұнға деген қажеттілігін толық жабады, сондай-ақ 120 000 тоннадан астам астықты сақтауға қабылдайды.
2016 жылы кәсіпорын макаронның 15 түрін шығаратын фабриканы іске қосқан. Ал биыл 500,0 млн. теңге көлемінде инвестиция тартумен және қосымша жұмыс орындарын құрумен жаңғыртудан өтті. Мұнда қазір 300 адам еңбек етеді.
Кәсіпорын қызметкерлерімен кездескен Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова еңбек адамының мәртебесін көтеруге байланысты Мәжіліс депутаттарының атқарған жұмыстарын айтты.
-2023 жылы еңбек адамына арналған заң жобаларын қабылдадық. Соның бірі - зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстармен айналысатын адамдарға арналды. Енді зиянды жағдайда еңбек ететін мысалы, шахтерлерге 55 жастан бастап әлеуметтік төлем төленеді. Сондай-ақ бізге еңбек құқықтары мен еңбек қатынастарына байланысты тағы да заң жобасы жұмысқа қабылданады. Үкіметпен бірге талқылауды бастап кеттік, - деді ол.
Жұлдыз Сүлейменова азаматтық қызметшілердің айлық жалақысын көтеруге байланысты Үкіметте жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Депутаттың пікірінше кез-келген еңбек адамы өзінің жасаған еңбегіне лайықты жалақы алуға құқылы. Қоғамда еңбек құндылығы жан-жақты насихатталуы керек.
Кездесуде Мәжіліс депутаты Қазыбек ӘлішевПрезиденттің пайдаланылмайтын жерлер бойынша жұмыстарды жандандыру тапсырмасы орындалып жатқанын айтты. Мәселен, екінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының ерекшелігі көп.
- Енді мал жаюға бөлінген алқаптар ұтымды пайдаланылады. Жайылымдарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басқа санаттарына ауыстыруға тыйым салынады. Сондай-ақ «көпшілік пайдаланатын жайылымдар» деген жаңа ұғым енгізіледі. Бұл жерлерді әкімдік жергілікті халықтың пікірін ескере отырып анықтайды. Кез келген мал иесі оны сол жерде бағуға мүмкіндік алады, - деді депутат.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.