Меккеге қажылықққа 160 елден 2,5 миллионға жуық мұсылман барған, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Биыл COVID-19 пандемиясынан кейін алғаш рет қажылық коронавирустық шектеулерсіз өтіп жатыр. Тиісінше келушілер саны да күрт артқан.
Өкінішке қарай, бұл күндері Сауд Арабиясында аптап ыстық орнаған. Ауа температурасы 48 градусқа дейін көтерілген. Салдарынан бес парызының бірін өтеуге барған 4000-нан астам адам зардап шекті.
Соңғы мәліметтер бойынша, 1700-ге жуық адамның басынан күн өткен. Ал The Guardian басылымы аптап ыстықтан 230 адам қайтыс болғанын жазып жатыр. Дегенмен жергілікті шенеуніктер бұған қатысты әлі ресми ақпарат берген жоқ.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі қажыларды күнге көп шықпауға және көбірек сұйықтық ішуге шақыруда.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.