“Мектепке жол”: Түркістанда 500-ден аса оқушыға мектеп құралдары табысталды

Түркістан Бүгін, 16:50

Түркістанда жаңа оқу жылының басталуына орай дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аталып өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Оқушылар сарайында өткен шараға қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы, маслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала прокуроры Қаукен Бахтыбайұлы, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы да арнайы қатысып, балаларды оқу жылының басталуымен құттықтады. 
 
Шарада 500-ден астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтары табысталды. Қыркүйек айының соңына дейін 5000-нан астам оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сый-сияпаттар үлестіру жоспарлануда.

"Бұл күн – білім мен ғылымға жасалған маңызды қадам, болашаққа бастар жолдың алғашқы белесі. Түркістан қаласында бүгінде 85 мектепте 55 мыңнан астам оқушы білім алуда. Сондай-ақ, 150 балабақшада 17 мыңнан аса бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Биыл 4 мектепке күрделі жөндеу, 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
 
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім ордаларында балалардың сапалы білім алуымен қатар, спортпен, өнермен және ғылыммен айналысуына толық мүмкіндік жасалған", – деді қала әкімі.
 
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.